"Астана - Қарағанды" тасжолында адамдарға оқ атқан күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана - Қарағанды" тасжолында адамдарға оқ атқан күдікті ұсталды

 Ақмола облысының полицейлері "Астана - Қарағанды" тасжолында адамдарға мылтықтан оқ атқан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Ақмола облысының полицейлері "Астана - Қарағанды" тасжолында адамдарға мылтықтан оқ атқан күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, биыл 6 қыркүйекте Аршалы аудандық полиция бөліміне елорданың 19 жастағы тұрғыны арызданып, Жібек Жолы кенті маңында белгісіз тұлғалар оған тиесілі Toyota Land Cruiser-200 автокөлігіне зақым келтіргенін айтқан.

"Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы "Астана - Қарағанды" тасжолында белгісіз адамдар арасында жанжал туындағанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, қаскөйлердің бірі оқиға қатысушыларына мылтықтан бірнеше рет оқ атқан. Полицейлер оқиға орнынан атылған гильзалар мен газ баллонын тәркіледі. Сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жүргізілген тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында Ақмола облыстық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының, Аршалы аудандық полиция бөлімі тергеу басқармасының және полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады.

"Ол бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Астана қаласының 39 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тінту іс-шаралары барысында күдіктіден заттай дәлелдер, атап айтқанда Наган тапаншасы және 57 оқ тәркіленді. Аршалы полиция бөлімі осы дерекке сәйкес ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталдыі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полициядан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети