26 мамыр 2016 | 15:56

"Астана" қаржы орталығы уақыт өте келе танымал бола түседі - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Кеңес мүшелері қатарында ЕҚДБ президенті, JP Morgan Chase International Директорлар кеңесінің төрағасы, The Blackstone Group төрағасы, Ресей Сбербанкінің президенті әрі басқарма төрағасы сияқты беделді қаржы институттарының басшылары бар.

Кездесу барысында Қазақстандағы қаржы қызметінің жетекші халықаралық орталығы ретіндегі "Астана" халықаралық қаржы орталығының алдағы жұмысының мәселелері әлемдік үздік тәжірибелер негізінде талқыланды.

Қазақстан Президенті Орталықты құру ісі еліміздің экономикасын әртараптандыруға және оның қазіргі жағдайдағы орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған құрылымдық реформалар аясында жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

"Жобаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мақсатымен конституциялық заң қабылданды, инвесторлардың жұмысы үшін теңдессіз жағдайлар жасалды. Дербес формат бойынша қызмет ететін және ағылшын құқығы қағидаттарын қолдануға, шетелдік судьяларды қатыстыруға негізделген арнаулы жүйе жұмыс істейтін болады", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО бүкіл өңір үшін жұмыс істеп, уақыт өте келе танымалдыққа ие болады деп үміттенетінін жеткізді.

"Біз бұл жобаның ауқымды әрі күрделі іс екенін түсінеміз. Бүкіл өңіріміздің қызығушылығын оята білу, АХҚО-ны "Жібек жолының экономикалық белдеуі" аясында қаржылық қызмет көрсету орталығына айналдыру маңызды. Бұл тараптағы бос орынды иемденіп, біртіндеп дами бастау қажет. Біз Қазақстанға келіп, осында жұмыс істеуге болатынына көз жеткізген халықаралық қаржы ұйымдары мен ірі бизнесмендер атсалысады деп үміт артамыз. Жан-жақты қолдау арқылы аталған жоба аясында жұмыс істеу қызықты болатынына сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.

"Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Кеңес мүшелерінің жұмыс жүргізіліп жатқан бағыттардың танымал өкілдер екенін атап өтті.  Нақтырақ айтқанда, бұл бағыттар - активтерді басқару, "жасыл" қаржы индустриясын құру, жаңа қаржы технологияларын ілгерілету бағыттары.

Ол сондай-ақ биылғы жылдың соңына қарай "роуд-шоу" өткізу жоспарланып отырғанын, оның аясында шетелдік инвесторларға орталықтың мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылатынын айтты. Жалпы алғанда, АХҚО "ЭКСПО" халықаралық көрмесі аяқталатын 2017 жылдың қыркүйегіне қарай қызметін бастауға, компаниялардың алғашқыларын қабылдауға дайын болады.

"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мүшелері орталықты дамытуға қатысты өз көзқарастарын білдірді, сондай-ақ АХҚО-ны және оның қызметтерін ілгерілету жөніндегі нақты ұсыныстарын айтты.

Айталық, ЕҚДБ президенті - Чакрабарти ЕҚДБ жобасының белсенді қолдаушысы екенін жеткізді.

"Қаржы орталығын құру ісіне өзіміздің сарапшылық үлесімізді қосу біз үшін мәртебе. Сондай-ақ Қазақстан "жасыл экономика" саласында маңызды көшбасшыға айналып келе жатыр деп ойлаймын. Өзгелер де Қазақстанға келуге мүдделі болуы үшін біз халықаралық қаржы институттарын дамытуға қолдау көрсетеміз деп берік сеніммен айтамын", - деді  ЕҚДБ президенті.

The Blackstone Group төрағасы әрі оның негізін қалаушылардың бірі Шварцман АХҚО құру туралы шешімнің маңыздылығына тоқталды.

"Біз бүкіл әлемде заңның үстемдігі, ағылшын құқығын, америкалық заңгерлік тәжірибені қолдану сияқты барлығы сенім артатын мәселелерге жиі кезігіп отырамыз. Қазіргі уақытта әлемде мұндай қаржы орталықтары көп емес. Осы арқылы Сіз Қазақстанды әртараптандырып, оны дамудың қазіргі заманғы бағыттарын өз тәжірибесіне енгізген азғантай елдердің қатарына қосасыз", - деді Шварцман.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети