03 тамыз 2016 | 11:12

Астана қонақтарына тегін жаяу экскурсиялар өткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің сайты © Астана әкімдігінің сайты

Елордада тегін жаяу экскурсиялар жобасы қарқынды дамып келеді, туристер аудиогидтің көмегімен қаланың басты көрікті орындары туралы толық ақпарат ала алады. "Хан шатыр" сауда, ойын-сауық орталығына қарсы және "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда арнайы шатырлар орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елордада тегін жаяу экскурсиялар жобасы қарқынды дамып келеді, туристер аудиогидтің көмегімен қаланың басты көрікті орындары туралы толық ақпарат ала алады. "Хан шатыр" сауда, ойын-сауық орталығына қарсы және "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда арнайы шатырлар орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

"Идея Нұржол желегін, оның жанындағы көрікті жерлерді барынша кеңінен танымал етуге негізделген, қала қонақтары мен шетелдіктер кепілге аздап ақша қалдырып, аудиогидпен желекті аралайды, жаңалықтармен танысады", - дейді "Астана Конвеншн Бюро" ЖШС директорының орынбасары Амантай Әбілов.

Аудиогид пен жолсілтемені сағат таңғы 10-нан кешкі 22-ге (онға) дейін кепілге 5 мың теңге қалдырып, алуға болады. Жабдықтарды тапсырған соң ақшаны қайтарып аласыз. Жаяу экскурсиялар кезінде "Хан шатыр" сауда, ойын-сауық орталығы, Ғашықтар саябағы, "Қазмедиа орталығы" ғимараты және басқа да нысандар туралы ақпарат төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ұсынылады.

"Алдағы уақытта аудиогидті прокатқа беретін тағы да 3 орын ашуды жоспарлап отырмыз. Мысалы, орталық саябақта, жағалауда, атаулы көшелерде шатырлар орнатылады. Тілдер саны көбейеді", - деді Амантай Әбілов. 

Аталған жоба 20 маусымда іске қосылды, осы күнге дейін 100-ге жуық адамға қызмет көрсетілді. Тегін экскурсиялар шетелдіктердің де, басқа қалалардан келген қазақстандықтардың да арасында кеңінен қолданыс тапты. 

Айта кетейік, елорданы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау, туристік тартымдылықты жақсарту аясында үш экскурсиялық автобус қатынайды. Қазіргі кезде қала бойынша жаяу жүргіншілерге бағыт-бағдарды анықтауға мүмкіндік беретін үш тілде 100 жуық пилон мен 140 жол көрсеткіш орнату жұмыстары басталды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети