Астана көшелерін су басқаннан кейін кім жазаланды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok / @gul110581

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Elorda eco system директоры Тимур Шоданов Астанадағы су басу оқиғасынан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды", - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Elorda eco system алдына жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар жүргізу міндеті қойылған: коллекторлар мен жаңбыр суын қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау, нөсерлі кәріз желісінің қуатын ұлғайту және т.б.

Еске салайық, 6 тамызда Астана көшелерін жаңбырдан кейін су басқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети