17 қаңтар 2017 | 22:19

Астана көшелеріне "ақылды" жарықтандыру жүйесі орнатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TR-KAZAKHSTAN.KZ © TR-KAZAKHSTAN.KZ

Астана қаласы "ақылды" сервистер мен көшені жарықтандырудың "ақылды" жүйесіне көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Астана қаласы "ақылды" сервистер мен көшені жарықтандырудың "ақылды" жүйесіне көшеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана көшелерінің ерекше жобасы Astana Innovations АҚ компаниясымен әзірленді. Жоба жарықдиодты шамдар орнату мен көшені жарықтандырудың "ақылды" жүйесіне көшу арқылы энергия үнемдеуді арттырып, оған жұмсалатын шығындарды азайтуды көздейді. Жоба бойынша көшелерге жарықдиодты шамдар қойылады. Қуаттылығын реттеуге болатын шамдардың жалпы саны 25 мың болады.

Жоба авторлары көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын электр энергиясын пайдалануды шамамен 50 пайызға азайтуды және, шамдарды қолдануға жұмсалатын қаражатты үнемдеуді көздеп отыр.

Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру бағаналарында "Заттар Интернеті (IoT)" "ақылды" сервисі енгізілмек. Бұл сервисті іске асыру өзге есептегіштерден мәліметтер жинау үшін бірыңғай сымсыз жүйе, ақпараттық кесте, авариялық көмек түймесі (SOS), фотобейнетіркеу, көлік құралдары ағынын мониторингтеу, қоршаған ортаны мониторингтеу және бақылау, Wi-Fi сынды сервистерге қол жеткізуге, қоршаған ортаны бақылау және мониторинг жүргізу, көліктер ағынын бақылау, арқылы жазу, мүмкіндік береді.

Жобаға 4 млрд теңге көлемінде инвесторлардың қаржысы тартылмақ. Астаналық коммуналдық шаруашылық басқармасы жеке әріптестерді тарту бойынша байқау жариялау үшін қажетті құжаттар әзірлеуде.

Astana innovations компаниясының мамандарының айтуынша, жоба биыл іске қосылады. Байқау қорытындысы бойынша инвестормен мемлекеттік - жеке меншік әріптестік жөніндегі келісім-шартқа қол қойылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети