Астанада көшелерге жаңа атау беру науқаны қызу пікірталастар туғызып отыр, - деп хабарлайды КТК.
Астанада көшелерге жаңа атау беру науқаны қызу пікірталастар туғызып отыр, - деп хабарлайды КТК.
Соңғы жылдары елордада 700-ден астам көшенің атауы өзгерді. Қазіргі уақытта Астананың ономастика комиссиясында тағы 40-тан астам ұсыныс қаралып жатыр. Көшелерге атын беру ұсынылып отырғандардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қазақтың әйгілі хандары, белгілі ақындар, даңқты спортшылар мен ертегі кейіпкерлері де бар.
Телеарнаның хабарлауынша, ономастика комиссиясы мүшелері арасында көше атауларына қатысты пікірлер әрқилы. Біреулері көшелерге тек қана даңқты отандастарымыз бен басқа да нақты адамдардың есімін беру керек десе, енді бірі ертегі-аңыз кейіпкерлерінің атын беруге қарсы емес.
"Аяз би, Қобыланды, Ер Төстіктердің өмірде болғанын халықтың өзі дәлелдеп берді. Көшелерге олардың құрметіне атау беруге болады. Әңгіме олардың өмірде болған-болмағанында емес. Сол ертегі кейіпкерлерінің арқасында адамдар ер жетіп, тәрбиеленді", - дейді философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім.
Жергілікті билік өкілдері болса, көше атаулары туристер мен қала қонақтарына түсінікті болуы үшін шенеуніктер ол атаулар туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.
"Адамдар, біздің қала тұрғындары көшелерге аты берілген тұлғалар туралы көбірек білуі үшін көпжоспарлы жұмыс жүргізілуі тиіс. Баспа материалдары, электронды материалдар, әлеуметтік желілер арқылы. Көше қиылыстарында ақпараттық табло қолданылуы керек", - дейді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Айта кету керек, елордада жыл сайын жаңа көше атаулары көбейіп келеді. Атауын өзгертуді қажет ететін көшелердің қатары да азаймай тұр. Айталық, тұрғындар Владимир Высоцкий есімінің көшеге не себепті берілгенін түсіне алмайды. Мұндай көше әйгілі ақын әрі музыканттың отаны - Ресей астанасында да жоқ. Сондай-ақ тұрғындар Астанадағы Романтиктер көшесінің атауына да наразы.