Астананың көлік қозғалысы қарқынды болатын негізгі 10 магистральдық қиылысына жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын есепке алатын фото-бейнежүйелер орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Олар: Сауран - Достық көшелерінің қиылысы, Сарайшық - Түркістан көшелері, Орынбор - Керей және Жәнібек хандар көшелері, Алматы - Қабанбай батыр көшелері, Тұран даңғылы мен Қонаев көшесі, Қабанбай батыр даңғылы - Керей және Жәнібек хандар көшесі, Күмісбеков - Сейфуллин көшелері, Пушкин көшесі - Абай даңғылы, Кенесары көшесі - Республика даңғылы, Жұмабаев - Аршын (Айнакөл) көшелерінің қиылысы.
Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, жол қауіпсіздігін бақылау саласындағы осы технологиялар "Астана қаласының тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі" жобасын жүзеге асыру аясында қарастырылған. Өткен аптаның қорытындысы бойынша фото мен бейнеге түсіру жүйелері 400-ге жуық заңбұзушылықты (жылдамдықты шамадан тыс арттыру, бағдаршамның қызыл шамына өту, және тоқтау сызығынан асыра тоқтау) анықтады.
2017 жылға дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын фото мен бейнеге түсіру жүйесі қаланың 350 көше қиылысына орнатылады.