Астана көшелерінің бірі бірнеше айға жөндеуге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана көшелерінің бірі бірнеше айға жөндеуге жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Астанада Күйші Дина көшесінің учаскесі бірнеше айға жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдгіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Күйші Дина көшесінің учаскесі бірнеше айға жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдгіне сілтеме жасап.

Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Жұмабаев пен Абылай хан даңғылдарының арасындағы учаскеде Күйші Дина көшесінің құрылысын бастайды.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 9 сәуір мен 30 тамыз аралығында Күйші Дина көшесіндегі "Мирас" мектебінен М. Жұмабаев даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен жабылады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети