Астана көшелерінің бірі үш күнге жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана көшелерінің бірі үш күнге жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын көше уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарын жалғайтын көше уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ "Алау" Мұз сарайы тарапынан "Астана Арена" ауданындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол жүрісіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, 22-25 шілдесі аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

"Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық болады және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети