Астана күніне байланысты 7 шілде, дүйсенбіде ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенбі, 5 шілдеде кезекші ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау 12:00-ге дейін жүзеге асады, ал дайын құжаттарды 13:00-ге дейін алып кетуге болады.


Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс күні бір сағат бұрын басталып, бір сағат бұрын аяқталады.
8 шілдеден бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі кестеге сай қызмет көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!