07 шілде 2014 | 12:39

Астана күні туған үш нәрестеге Нұрсұлтан деп ат қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Дмитриев ©Владимир Дмитриев

Астана күні туған үш нәрестеге (ұл балаға) Нұрсұлтан деп ат қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана күні туған үш нәрестеге (ұл балаға) Нұрсұлтан деп ат қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәбилерге Мемлекет басшысының құрметіне орай осындай ат қойылды. Алтыншы шілде күні бір тәулікте барлығы 61 нәресте (28 қыз және 33 ұл) дүниеге келді. Олардың алтауы қала тұрғындары емес.

Барлық аналар мен олардың сәбилеріне естелік сыйлықтар табысталған. Оларға балалар арбасы мен киімдері, көрпе, "Қуан Сәби" балаларды күтімге алу көмек құралы берілген. Соңғысында жаңа туған нәрсетені қалай күту керектігі жөніндегі тәжірибелік кеңестер жазылған.

Естеріңізге сала кетейік, Астананың өткен жылғы туған күнінде 79 сәби (42 қыз және 37 ұл) өмірге келген болатын. Бір нәрестенің анасы елордаға мереке күндері келіп, тура салтанатты шаралардың бірі өтіп жатқан жерде босанып қалған.

2014 жылы Астананың туған күні 4-7 шілде күндері аталып өтіп жатыр. Мерекелік шараларға 20 мыңнан астам адам тартылған. Жоспарлы жетпіс шараның басым көпшілігі ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жыл сайынғы "Асқақтай бер, Астана!" шоуының хэдлайнері америкалық R'n'B-әнші Аkon болды. Ең үлкен гала-концерт "Сарыарқа" велотрегінде өтіп, оған The Jigits, Ғалымжан Молданазаров, Қайрат Нұртас, "Пицца" тобы, Полина Гагарина және Blue тобы секілді орындаушылар қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети