Астана күні туғандарға сыйлық беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күні туғандарға сыйлық беріледі ©Владимир Дмитриев

Астана күні туған сәбилерге сыйлықтар беріледі және бір реттік "Қуан сәби" жәрдемақысы төленеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күні туған сәбилерге сыйлықтар беріледі және бір реттік "Қуан сәби" жәрдемақысы төленеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Біздің перзентханада күніне 28-30 бала дүниеге келеді. Бүгін біздің дәрігерлер мереке күні дүниеге сәби әкелетін аналарды босандырады. Қала күні қанша сәби туылатынының нәтижесін көреміз. Дәл қазір бізге бүгін босануы мүмкін сегіз әйел түсті. Мереке күні дүниеге сәби әкелген барлық аналарды құттықтаймыз" дейді қалалық перзентхананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина.

Сондай-ақ Астана күні 37 жұп ресми түрде некеге отырмақ. Жас жұбайларды да бағалы сыйлықтар, мерекелік концерттер, түрлі ойын-сауық бағдарламалары күтіп тұр. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети