Астана күнін тойлауға 700 миллион теңге жұмсалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күнін тойлауға 700 миллион теңге жұмсалады Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов. ©Ortcom.kz

Астана күнін тойлау шаралары маусымның 20-сы күні басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана күнін тойлау шаралары маусымның 20-сы күні басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловқа сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қала күніне орай барлығы 70-тен астам мәдени шара өтеді. "Мерекелік шаралар маусымның 20-сы күні басталып, шілденің 4-інде аяқталады. Одан кейін демалыс күндері болады. Сол кезде де көптеген мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады", - деді бүгін Мажағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Басқарма басшысының сөзіне қарағанда, Астана күнін тойлау шараларын ұйымдастыруға 20 мыңға жуық адам атсалысады. Ал қала бюджетінен 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінеді. 

Биыл да Астана күніне арналған шақыру билеттері таратылмайды. Себебі барлық шаралар өзін-өзі ақтауы тиіс. "Қазіргі кезде билеттер қаланың барлық кассалары мен сауда орталықтарында сатылып жатыр. Бағасы - 1000-5000 теңге", - дейді Б.Мажағұлов. Қала күніне арналған мәдени шаралар тікелей эфирде көрсетілмейді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети