24 сәуір 2020 | 13:48

Астана күнін атап өту жоспары коронавирусқа байланысты өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәдениет және спорт министрлігі 6 шілдеге Елорда күнін мерекелеу жоспарын дайындаған. Алайда ол эпидемиологиялық жағдайға және елдегі коронавируспен ауырғандар санына байланысты өзгертіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрлігі 6 шілдеге Елорда күнін мерекелеу жоспарын дайындаған. Алайда ол эпидемиологиялық жағдайға және елдегі коронавируспен ауырғандар санына байланысты өзгертіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана күніне арналған мерекелерге қатысты айтарым - біз көптеген концерт, тамаша іс-шаралар өткізуді жоспарлағанбыз. Карантин бойынша қандай шаралар қабылданатынына байланысты жоспарларды өзгертеміз", - деді мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын офлайн жобалармен қуанта аламыз деген үміттеміз. Әрине, көптеген жоба онлайн режимге ауысты. Сондықтан, Елорда күніне жоспарланған мәдени өнімдерімізді және іс-шараларымызды үлкен ықыласпен таныстырамыз", - деді ол.

Райымқұлованың айтуынша, министрлік күн сайын "рухани, мәдени және моральдық өркендеу, сондай-ақ әртүрлі жастағы адамдардың дене белсенділігін қолдау қажеттігін ескере отырып" онлайн іс-шаралар кестесін ойластырады.

"Мәдениет және спорт қоғамдық мекемелерінің әлеуметтік желілерінде күн белгілі атлеттермен жаттығудан басталады. Содан кейін кешке дейін жаттығулар, дәрістер, вебинар, концерт, виртуалды экскурсиялар өтеді, балаларға арналған ертегілер оқылады, қашықтан және онлайн спектакль мен фильмдер көрсетіледі. Қазақстандықтардың жақсы пікірін ескере отырып, біз осы жұмыстарды карантиннен кейін де жалғастыруды жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети