“Астана LRT“ экс-басшысының ісі - апелляция не шешті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Астана LRT“ экс-басшысының ісі - апелляция не шешті? Талғат Ардан. Фото: alrt.kz

Астана Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы "Astana LRT" басқарма төрағасы Талғат Арданның апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы "Astana LRT" басқарма төрағасы Талғат Арданның апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 11 қарашада Астананың ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Astana LRT экс-басшысы Талғат Арданға қатысты үкім шығарды. Сот үкімі бойынша, А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот үкімі бойынша, 2023 жылдың 3 мамырындағы үкіммен тағайындалған жазаны ішінара біріктіру арқылы оған жалпы 9 жыл бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Іс сырттай қаралды, себебі ол халықаралық іздеуде.

Үкіммен келіспеген сотталушының адвокаты апелляциялық шағым берген.

"Сот үкімі өзгеріссіз қалды, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады, себебі сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтары, сараптама қорытындылары және басқа да материалдармен дәлелденген. Сот актісі заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Талғат Арданның шамамен бес жыл бойы іздеуде болғаны туралы хабарланған еді. 2023 жылдың мамырында Астана мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында "LRT ісі" бойынша Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке қатысты үкім оқылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети