Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: тың дерек айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңында бір отбасы мүшелері қатыгездікпен өлтірілген: тың дерек айтылды Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмыс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділовтың айтуынша, кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған, бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

"Күдікті ұсталды. Ол сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында да қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр", - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол күдіктінің бұрын сотты болғанын айтты, алайда нақты қандай қылмыс үшін сотталғанын нақтыламады.

"ІІМ өкілі ретінде айта аламын, адамның кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтау тек соттың, әділ соттың құзыреті. Қылмыстық қудалау органының, бұл жағдайда полицияның міндеті - дәлелдерді жинау, істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықты дұрыс саралау", - деп түсіндірді Әділов.

ІІМ өкілі қаза тапқандардың бірнеше адам екенін растады.

"Қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп қосты ол.

Еске салайық, бұған дейін мессенджерлерде Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы үрейлі хабарлама тараған болатын.

Полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 499.49  course up  580.27  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети