30 мамыр 2014 21:07

Астана маңындағы саяжайларда су деңгейінің көтерілуіне кінәлілер зардап шеккендердің шығының өтеуі тиіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото cit.ua сайтынан алынды Фото cit.ua сайтынан алынды

Астана маңындағы Мичурин кентінің аумағында су деңгейі неліктен көтерілгені жөнінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. "Гольф-клубы" мен Есіл өзенінің арнасын қалпына келтірудің 5-кезегі ауданындағы саяжайларды су басты.


Астана маңындағы Мичурин кентінің аумағында су деңгейі неліктен көтерілгені жөнінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. "Гольф-клубы" мен Есіл өзенінің арнасын қалпына келтірудің 5-кезегі ауданындағы саяжайларды су басты.

"Осыған байланысты Астана қаласы әкімдігінің тапсырмасымен Есіл бассейндік инспекциясының инспекторлары, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Орталық Қазақстан аймақтық пайдалану басқармасының бас инженері, Ақмола облысы "Қазсу шаруашылығы" РМК Ақмола филиалының "Нұра-Есіл" учаскесінің басшысымен 2014 жылғы 27-29 мамырда Есіл өзенінде су деңгейінің артуының себептерін тексерді. Комиссия оқиға орнында болып, су деңгейінің "Нұра-Есіл" каналынан судың рұқсатсыз құйылуына байланысты көтерілгенін анықтады. Есіл өзенінің арнасында су деңгейінің артуына ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" Орталық Қазақстан аймақтық пайдалану басқармасының жиналып қалған суды құюы себеп болды. Жалпы 36 учаске зардап шекті, соның ішінде үшеуі саяжай", - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты әкімдіктің ведомствоға қарасты ұйымдары алғашқы көмек көрсету мақсатында су астында қалған саяжай учаскелерінің иелерімен жиын өткізді. Зардап шеккен аумақ тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. "Жауапты органдарға кінәлілерді анықтап, су басқан үйлердің иелеріне келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз ету тапсырылды", - делінген хабарламада.  

Қазіргі уақытта адам өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша, яғни 2014 жылдың 30 мамырындағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Судан құтқару қызметі судың 5 метрге төмендегенін анықтады. Жолдың Бейсекова көшесіндегі бөлігінде су өткізу жұмыстары біткен соң 1 маусымға қарай жағдай толық қалпына келтіріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети