Астана маңындағы ауылдарды дамытудың жаңа жоспары жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы ауылдарды дамытудың жаңа жоспары жасалды ©Марат Әбілов

ҚР Өңірлік даму министрлігі Ақмола облысының әкімдігімен бірге Астананың іргесіндегі елді мекендердің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Өңірлік даму министрлігі Ақмола облысының әкімдігімен бірге Астананың іргесіндегі елді мекендердің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының жобасын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің 2010 жылдың 30 қарашасындағы қаулысымен бекітілген Астананың іргесіндегі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 2011-2014 жылдарға арналған қолданыстағы кешенді жоспарда 20 ауылдық елді мекенде іс-шараларды жүргізу қарастырылған болатын. Олар - Аршалы ауданындағы Ақмол, Қабанбай батыр, 96-разъезд, Тайтөбе, Максимовка, Малотимофеевка, Шұбар, Қызылсуат, Қостомар, Жібек Жолы ауылдары және Шортанды ауданындағы Бозайғыр елді мекені.

Жаңа кешенді жоспарға бұрын қарастырылған 20 елді мекенге қоса, тағы 14 ауыл қосылып отыр. Олар Астанадан 30 шақырым қашықтықтағы Воздвиженка, Жаңа жайнақ, Өтеміс, Рақымжан Қошкарбаев, Жаңа жол, Раздольное, Төңкеріс, Фарфоровый (Целиноград ауданы) Волгодоновка, Қойгелді, 42-разъезд, Бабатай (Аршалы ауданы), Бұлақ, Төңкеріс (Шортанды ауданы) елді мекендері.

Қазіргі уақытта Кешенді жоспар мемлекеттік органдармен келісімге жіберілді, егер ҚР Үкіметі отырысында мақұлданса, оны іске асыру 2015 жылдың басынан басталады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети