Астана маңындағы құлағалы тұрған көпір жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңындағы құлағалы тұрған көпір жабылды ©Fergananews.com

Алматы - Екатеринбург тас жолындағы көпір сызат пайда болғандықтан жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақавтожол" мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. "Алты дана аралық тас бағандардың тірек осінен жылжып кетуі және топсалы тіректердің бұзылуы сияқты қауіпті дефектілердің анықталуына байланысты Алматы - Екатеринбург тас жолының Ақмола облысының Анар елді мекені тұсындағы Бұйрықтал өзені үстіндегі автокөлік көпірі жабылды", - делінген хабарламада. Көпір - үлкен тас жолдың 1349-шақырымында, Астана қаласына жақын маңда. Қозғалыс екі шақырымға созылатын айналма жолдармен жүргізілуде. Жақын күндері дайындық шараларынан соң айналма жол учаскесі 500 метрге дейін қысқармақ. Алматы - Екатеринбург автожолындағы көпір 1966 жылы салынған және апаттық жағдайда деп саналмаған. Биыл бұл нысан күрделі жөндеуден өткізіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети