Астана мәслихаты Ұлттық пантеон салу мақсатында Астана шекарасын кеңейтуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана мәслихаты Ұлттық пантеон салу мақсатында Астана шекарасын кеңейтуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астананың әкімшілік шекарасын өзгерту туралы мәселе қаралды. Мұнда Жер қатынастары басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркенов Ұлттық пантеонның құрылысы мен қалалық зираттың құрылысы үшін қала шекарасын кеңейтудің қажеттілігін айтты.
"Қалаға Ақмола облысындағы Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр мен Талапкер ауылдық округтарының 1419 гектар территориясын беру ұсынылып отыр. Бұл территорияны беру Мемлекет басшысының Ұлттық пантеон салу және қалалық жаңа зират салу туралы тапсырмасын орындау үшін талап етіледі", - деп хабарлады Нұркенов.
Басқарма басшысы Ұлттық пантеонның Ақмола облысының Целиноград ауданында, Астанадан 13 шақырым жердегі 959 гектар аумақты алатынын айтты. "Мәслихат бүгін бекітті, ол Ақмола облысына жолданады. Онда бұл мәселені қабылдайды, сосын біз мұны үкіметке жолдаймыз, кейін Президенттің территорияны кеңейту туралы Жарлығы дайындалады. Жыл соңына дейін аяқтаймыз деп отырмыз", - деді Нұркенов.
Сонымен қатар, ол қалаға 7300 гектар жерді жаңа терминал салуға және Астананың Халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағының реконструкциясының құрылысына қажет болатынын айтты.
Нұркенов Халықаралық әуежай, Эйр Астана және Қазақстандық іскерлік авиация орталығы сияқты ұйымдарға арнайы жер учаскелерінің бөлінгенін хабарлады, жалпы алғанда 347,60 гектар бөлінеді екен. Мұнда осы нысандардың жобалауы бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Еске салайық, осыған дейін 2016 жылдың соңына дейін Астана қаласының шекарасы 9 мың гектарға кеңейтілетіні хабарланған еді. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында халықаралық әуежайды кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай қала әкімдігі іргені кеңейтуге 3340 гектар жер бөлді. Қазір онда үлкен әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, шаһарды одан сайын үлкейту мақсатында тағы 7300 гектар бөлінді. Майбалық көліне дейін. Ол жер тұрғындар демалатын орын болмақ.