Астана мектебіндегі оқушыны қорлау оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мектебіндегі оқушыны қорлау оқиғасы: полиция қылмыстық іс қозғады видео кадры

Астана мектептерінің бірінде құрдасын қорлаған оқушылар мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мектептерінің бірінде құрдасын қорлаған оқушылар мектепішілік есепке алынды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ауданы ПБ басшысы Диас Тоқатовтың айтуынша, оқушыны ұрып-соғуға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық қатысушысы мектепішілік есепке алынды. Педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралады. Астана Полиция департаменті заңды өкілдерге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Балалардың мінез-құлқын бақылау қажеттігін еске саламыз", - деді Тоқатов.

Еске салайық, Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар құрдасын қорлаған. Оқиға видеоға түсірілген. Астананың Білім басқармасы Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның 4 қыркүйекте болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети