Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқарады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

6 қарашада Астана мектептерінде сабақ қысқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 қарашада Астана мектептерінде сабақ қысқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін артуына байланысты оқушылар қараңғы түскенге дейін үйлеріне жіберіледі.

"6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен бірге жіберілетіні туралы хабарлауы керек", - делінген хабарламада.

Ата-аналар бос емес болса, олар келгенше балаларын мектепте қалдыруға кеңес берілген.

Айта кетейік, бүгін Астанада күн сағат 16:37-де батты. Синоптиктердің мәліметінше, 6 қарашада Астанада қатты екпінді жел, жаңбыр мен қар жауады деп болжанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети