22 қараша 2023 16:03

Астана мектептерінде сабақ уақыты қысқартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова Фото ©️ Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Астанада көктайғақ пен қатты жел салдарынан мектептегі сағаттар қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада көктайғақ пен қатты жел салдарынан мектептегі сағаттар қысқартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қаласының Білім басқармасы ауа райы жағдайларын ескере отырып, екінші ауысым сабақтарының уақытын 35 минутқа дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Сабақ соңында оқушыларды мектептен ата-аналары немесе заңды өкілдері алып кеткені дұрыс", - делінген хабарламада.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес жаңбыр мен көктайғақ сабақтарды тоқтатуға негіз бола алмайды.

"Сондай-ақ, әрбір ата-ана сынып жетекшісіне алдын ала хабарлай отырып, баланы мектепке жібермеуіне болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети