Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңесте қала басшысы Әсет Исекешев Астана мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазірдің өзінде біз елордамыздың экономикасындағы өзгерістерді байқап жүрміз. Туризм, ақпараттық технологиялар, қайта өңдеу өнеркәсіптері жұмыспен қамту көрсеткішін едәуір жақсартып келеді. Ал мемлекеттік қызмет секторы бойынша көрсеткіш төмендеп барады. Бұл Астананың мемқызметшілердің қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналып жатқанын көрсетеді", - деді Исекешев.
Оның айтуынша, көптеген салалар қызметтік келісімшарт пен мемлекеттік жеке серіктестіктерге көшіп жатыр.
"Денсаулық сақтау мен білім беру саласында смарт технологияларды енгізу, "Сергек", көгалдандыру, абаттандыру, көлік тасымалы қызметі - осының барлығы әкімдік қарамағында немесе мемлекеттік компанияларға тиесілі болатын. Қазірде шағын және орта кәсіпті дамыту үшін осының барлығын жеке кәсіпкерлерге беріп жатырмыз", - деді әкім.