11 қазан 2016 | 10:17

Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінің ең ірі әуежайларының ондығына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Airspot.kz © Airspot.kz

Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінің ең ірі әуежайларының ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниялары аптасына 500-ден астам рейске қызмет көрсетеді.


Иконка комментария блок соц сети

Астана мен Алматы әуежайлары ТМД елдерінің ең ірі әуежайларының ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. Қазіргі таңда қазақстандық әуе компаниялары аптасына 500-ден астам рейске қызмет көрсетеді.

Халықаралық және ішкі әуе рейстерін атқаратын қазақстандық әуе тасымалдағыштардың заманауи әуе кеме парктері бар. Сонымен қатар, "Эйр Астана", "СКАТ", "Бек Эйр" және "Qazaq Air" сияқты 4 негізгі әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігінің барлық талаптарына жауап беретін шетелдік заманауи ұшақтары бар.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда ішкі әуе рейстерді 39 бағыт бойынша алты қазақстандық әуе компаниясы атқарады (аптасына 500-ден астам рейстер)", - деп мәлімдеді ҚР ИДМ өкілдері.

Аталмыш көрсеткіштің өсімі тасымалданған жолаушылар санының артуымен байланысты. Елдегі жұмыс істеп тұрған республикалық және облыстық маңыздағы 18 әуежайдың жыл сайынғы жолаушыларға көрсететін қызметінің жартысынан көбі Алматы мен Астана әуежайларына тиесілі.

"Соңғы 5 жылда Алматы мен Астана әуежайларының қызмет көрсететін жолаушылар үлесі артып, жыл сайын 68пайызын құрап отыр. Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының әуежайлары одан кейінгі орында тұр және саладағы жалпы жолаушыларға қызмет көрсетуі 7-5 пайызын құрайды. Ал, Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау және Петропавл қалалары әуежайларының жолаушыларға қызмет көрсету саны бойынша төменгі көрсеткішке ие", - деген мәлімет берді министрлікте.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети