2016 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында тексеруден өткені туралы белгі қоюдың баламалы әдісі - электрондық отырғызу талоны енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ҚР ИДМ азаматтық авиация комитеті электрондық отырғызу талонын енгізу үшін жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша бастама көтерді. Осы және басқа да мәселелер комитет төрағасының міндетін атқарушы Талғат Ластаевтың Әуе көлігі халықаралық қауымдастығының Қазақстан Республикасындағы филиалы және "AirAstana" әуе компаниясы өкілдерімен кездесуде талқыланды.
"Аталған әдіс қажетті авиациялық қауіпсіздік деңгейін сақтауға, интернет арқылы тіркеліп, бірақ рейске келмей қалған жолаушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде рейстердің жолаушыларды күтіп, кешігу жағдайларын азайтады", - деп хабарлады Комитеттегілер.