Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: depositphotos.com

Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

10 тамызда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 градус жылы.

11 тамызда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 градус жылы.

12 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 9-14, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус жылы.

Алматы

10 тамызда Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 31-33 градус жылы.

11 тамызда өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соққан жел 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.

12 тамызда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети