Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыда демалыс күндері және дүйсенбіде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда демалыс күндері және дүйсенбіде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

14 желтоқсанда Астанада ауа райы ауыспалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз шамамен 0 градус.

15 желтоқсанда бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр қарға ауысады), күндіз қар жауады. Боран, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз, күндіз әрі қарай төмендейді.

16 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, кейде қар жауады, боран күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 10-12 градус аяз.

Алматыдағы ауа райы болжамы

14 желтоқсанда Алматыда ауыспалы бұлтты ауа райы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

15 желтоқсанда ауыспалы бұлтты, күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

16 желтоқсанда бұлтты, қар жауады, түнде кей жерлерде қатты қар. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 12-14 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети