Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" Алматы мен Астанада 14-16 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" Алматы мен Астанада 14-16 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

14 қаңтарда Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -13...-15°C, күндіз -4...-6°C.

15 қаңтарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.

16 қаңтарда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде -10...-12°C, күндіз -5...-7°C.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

14 қаңтарда Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -6...-8°C, күндіз +2...+4°C.

15-16 қаңтарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети