Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Астана мен Алматыда ауа райы жылы болады. Синоптиктер 21–23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда ауа райы жылы болады. Синоптиктер 21–23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы

21 мамыр – елордада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +24…+26.

22 мамыр – құбылмалы бұлттылық сақталады, күндіз жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 9–14 м/с. Температура түнде +11…+13, күндіз +23…+25.

23 мамыр – ауа райы нашарлайды – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр және найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Температура түнде +11…+13, күндіз +16…+18.

Алматыдағы ауа райы

21 мамыр – Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 3–8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +26…+28.

22 мамыр – құбылмалы бұлттылық сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 3–8 м/с. Температура түнде +14…+16, күндіз +30…+32.

23 мамыр – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 5–10 м/с, екпіні 15 м/с дейін. Температура түнде +17…+19, күндіз +25…+27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети