Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Елордада найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін, ал Алматыда күн ашық әрі ыстық болады. 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Елордада найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін, ал Алматыда күн ашық әрі ыстық болады. 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы

4 маусымда елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз кей жерлерде 15-18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +27…+29 градус.

5 маусымда – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +22…+24.

6 маусымда да құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16, күндіз +26…+28 градус.

Алматыдағы ауа райы

4 маусымда синоптиктер құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.

5 маусымда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градус.

6 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети