Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал елордада бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен найзағай күтіледі, ал елордада бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусым аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

13 маусымда елордада бұлтты ауа райы күтіледі, күндіз кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +27...+29.

14 маусымда синоптиктер бұлтты ауа райын, күндіз жаңбыр мен найзағай болатынын болжайды. Жел батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +26...+28.

15 маусымда да бұлтты ауа райы, кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +24...+26.

Алматыдағы ауа райы болжамы

13 маусымда Алматыда бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +29...+31.

14 маусымда бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +29...+31.

15 маусымда синоптиктер бұлтты ауа райын, өткінші жаңбыр мен найзағайды болжайды. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +29...+31.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети