Синоптиктер 3–5 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
3 шілдеде елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Күндіз жауын-шашын, найзағай және екпінді жел болуы ықтимал. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с дейін күшейіп, кей жерлерде екпіні 15–18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз аптап сақталады – +33…+35°C дейін.
4 шілде – құбылмалы бұлтты, күндіз қайтадан жауын мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 3–8 м/с, күндіз 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз қайтадан өте ыстық – +33…+35°C.
5 шілде – кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз айтарлықтай салқындайды – +21…+23°C.
Алматыдағы ауа райы болжамы
3 шілдеде Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз өте ыстық – +34…+36°C.
4 шілде – синоптиктер қайтадан құрғақ және құбылмалы бұлтты ауа райын болжайды. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз аптап күшейеді – +35…+37°C.
5 шілде – құбылмалы бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24°C, күндіз термометр көрсеткіші +37…+39°C дейін көтеріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!