Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото:depositphotos.com

Синоптиктер мәліметінше, 4–6 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер мәліметінше, 4–6 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

4 шілдеде елордада ауа райы тұрақсыз болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ бұршақ, күшті жел және құмды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 9–14 метр, кей жерлерде екпіні 15–20, кей кездері 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Түнде ауа температурасы +20…+22 градус, күндіз қатты аптап ыстық сақталады - +33…+35 градус.

5 шілде - Астанада күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз бұршақ түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +15…+17 градусқа дейін төмендейді, күндіз +22…+24 градус, яғни айтарлықтай салқындайды.

6 шілде - Астанада жауын-шашын күтілмейді. Ауа райы бұлтты болады, жел батыстан соғады, жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +14…+16, күндіз +26…+28 градусқа дейін жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

4 шілде - Алматыда бұлтты күн, бірақ жауын-шашын болмайды. Жел шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +20…+22 градус, күндіз аптап ыстық сақталады - +35…+37 градус.

5 шілде - бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Түнде +23…+25, күндіз аптап +36…+38 градусқа жетеді.

6 шілде - Алматыда ауа райы ыстық күйінде сақталады. Бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Түнде +21…+23, күндіз +31…+33 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети