Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Синоптиктер Астана мен Алматыда 23–25 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда 23–25 шілде аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

23 шілдеде елордада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан: түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін жылынады.

24 шілдеде синоптиктер құбылмалы бұлтты ауа райын болжайды. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 26-28 градус жылы.

25 шілдеде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз қысқа мерзімді жауын-шашын мен найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

23 шілдеде Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз қатты ыстық — 35-37 градус.

24 шілдеде мегаполисте құбылмалы бұлтты ауа райы, қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус жылы.

25 шілдеде қайтадан жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз қатты ыстық — 34-36 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети