Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 наурызда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
12 наурызда құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, боран болады. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 метр/секунд, екпіні 23–28 метр/секунд, түнде кей уақытта 30 метр/секундтан асады. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -3...-5 градус.
13 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 9–14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз -1...+1 градус.
14 наурызда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екіпін - 7–12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -2...-4 градус, күндіз 0...+2 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
12 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд, кей уақытта екпіні 15 метр/секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -13...-15 градус, күндіз -3...-5 градус.
13 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -6...-8 градус, күндіз +1...+3 градус.
14 наурызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус, күндіз +3...+5 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!