02 қыркүйек 2024 | 16:42

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

3 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.

4 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 12-14 градус жылы.

5 қыркүйекте көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 10-12 градус жылы.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

3 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 20-22 градус жылы.

4 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 24-26 градус жылы.

5 қыркүйек көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети