Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

23 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан түнде 3-8, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 6-8 градус жылы.

24 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 6-8 градус жылы.

25 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

23 қазанда Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 11-13 градус жылы.

24 қазанда бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауады, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 11-13 градус жылы.

25 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 13-15 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 512.1  course up  598.66  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети