Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? 9, 10, 11 сәуірге арналған болжам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады? 9, 10, 11 сәуірге арналған болжам

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 9, 10 және 11 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 9, 10 және 11 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

9 сәуірде құбылмалы бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.

10 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +8...+10 градус жылы болады.

11 сәуірде құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 7-12 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0...-2 градус суық, күндіз +13...+15 градус жылы болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

9 сәуірде күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8, екпіні 15 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +14...+16 градус жылы болады.

10 сәуірде құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, кей уақытта екпіні 15 метр секундқа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градус жылы болады.

11 сәуірде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 метр секунд жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +20...+22 градус жылы болады.

Қазақстанда 5 градусқа дейін аяз болады

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғатын, құбылмалы ауа райы күтілетінін хабарлаған болатын. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Шығыста қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады деп болжанған.

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және шығысында ауа температурасы 0-5 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 10-23 жылыдан 7-15 градус жылыға дейін салқындайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети