Астана мен Алматыда жазғы дөңгелек үшін қанша жүргізушіге айыппұл салынды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда жазғы дөңгелек үшін қанша жүргізушіге айыппұл салынды? Фото:depositphotos.com

1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық көлік жүргізушісі қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті. Жол ережесіне сәйкес қыста жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады, ал бұл ережені бұзса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 2024 жылы айыппұл көлемі - 18 460 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда желтоқсанның басынан бастап инспекторлар жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырмаған 53 жүргізушіні анықтады. Жүргізушілерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы - 978 380 теңге.

Астанада инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көп жағдайда ескертумен шектелген. Алайда полиция бұл уақытша шара екенін айтады. Болашақта мұндай жағдайда жүргізушілерге толық көлемде айыппұл салынады.

Қар көп жауатын Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай Алматыға ұқсас, мұнда 42 жүргізушіге айыппұл салынды, ал айыппұл сомасы 387 660 теңгеге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети