Астана мен Алматыда найзағай, бұршақ және нөсер күтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда найзағай, бұршақ және нөсер күтіледі ©️ Болат Айтмолда/Massaget

18 мамырда Астана мен Алматыда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 мамырда Астана мен Алматыда жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 18 мамырда – құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр, найзағай, күндіз нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнгі ауа температурасы +13…+15°C, күндіз +15…+17°C жылы болады.

19 мамыр, дүйсенбіде – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде +7…+9°C, күндіз +18…+20°C.

20 мамырда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C жылы.

Алматыда 18 мамыр – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Түнгі және күндізгі ауа температурасы +23…+25°C.

19 мамыр – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болады. Түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.

20 мамыр – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Шымкентте 18–20 мамыр аралығында – құбылмалы бұлтты ауа райы, түнде қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Түнгі температура +18…+20°C, күндізгі температура +32°C дейін жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 490.58  course down  585.31  course up  6.38  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети