Астана мен Алматыда нөсер жауады: 1-3 шілдеге арналған болжам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыда нөсер жауады: 1-3 шілдеге арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 1, 2 және 3 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 1, 2 және 3 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

1 шілде күн ала бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +26...+28 градус жылы.

2 шілде күн ала бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +24...+26 градус жылы.

3 шілде күн ала бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +24...+26 градус жылы.

Алматыдағы ауа райы болжамы

1 шілде күн ала бұлтты болады, кей кездері жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, түнде нөсер жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +27...+29 градус жылы.

2 шілде күн ала бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз кей кездері нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +27...+29 градус жылы.

3 шілде күн ала бұлтты болады, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей кездері екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +23...+25 градус жылы.

Қазақстанға салқын келе жатыр

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде белсенді циклон мен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп хабарлаған болатын. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін, республика бойынша қатты жаңбыр болжанады. Бірнеше өңірде ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді. Толығырақосы жерден оқыңыз.

Читайте также

Валюта бағамы

 480.72   552.61   6.23 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +26
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +24
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +30
П
Павлодар +18
Петропавл +29
С
Семей +33
Т
Талдықорған +29
Тараз +33
Түркістан +17
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер