Астана мен Алматыдағы екі университет студенттерінен туберкулез анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыдағы екі университет студенттерінен туберкулез анықталды Фото:depositphotos.com

Астана мен Алматыдағы екі жоғары оқу орнының студенттерінен туберкулёз анықталды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыдағы екі жоғары оқу орнының студенттерінен туберкулёз анықталды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар хабарласып, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бір студентінен туберкулёз анықталғанын айтқан. Олардың мәліметінше, студент шамамен екі аптадан бері ауырып жүрген, алайда оқу орны әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып, карантин енгізілмеген.

Сондай-ақ оқырмандар Астанадағы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір студентінен де туберкулёздің ашық түрі табылғанын хабарлаған.

Денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

Министрлік мәліметінше, туберкулёз тек екі студенттен – әр университеттен бір-бір адамнан анықталған.

"Құрманғазы атындағы консерватория мен Гумилёв атындағы ЕҰУ студенттерінде тіркелген туберкулёз жағдайлары бойынша олардың оқу орнындағы және отбасындағы барлық байланыста болған адамдар тексерілді. Қазіргі уақытта туберкулёздің жаңа жағдайлары анықталған жоқ", – делінген ресми жауапта.

Ведомство мәліметінше, екі студент те бекітілген стандартты хаттама бойынша ем қабылдап жатыр, жағдайлары қанағаттанарлық. Олар оқу орындарына бармайды және айналасындағылар үшін эпидемиологиялық қауіп төндірмейді, емді амбулаторлық жағдайда алып жатыр.

Неге университеттер жабылған жоқ?

Министрлік өкілдері туберкулёз карантин енгізілетін ауру тізіміне кірмейтінін түсіндірді. Сондықтан жоғары оқу орындарында шектеу шаралары қолданылмайды және оқу процесінің форматын өзгерту қажет емес.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша жоғары және орта оқу орындарының 280 студентінен туберкулёз анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети