Астана мен Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана мен Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде бензин қымбаттады Фото: Tengrinews.kz/ Болат Айтмолда

Орталық қалаларда бензин бағасы өсіп жатыр. Tengri Auto баға өсімін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық қалаларда бензин бағасы өсіп жатыр. Tengri Auto баға өсімін салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

Елордада Qazaq Oil желісінде баға өскені байқалды. 10 күн бұрын АИ-92 228 теңге тұрған. АИ-95 – 273 теңге, АИ-98 – 310 теңге болған. 2 қыркүйекте АИ-92 бұрынғы деңгейде – 228 теңге болып қалды, ал АИ-95 қымбаттап – 276 теңгеге жетті. АИ-98 де өсіп, 314 теңгеге шықты.

Астанадағы Gasenergy жанармай бекетінде 10 күн бұрын АИ-92 227 теңге болған. АИ-95 – 279 теңге, АИ-98 – 329 теңге тұрған. Қазір АИ-92 бағасы 229 теңгеге жетті, АИ-95 – 281 теңге. Ал АИ-98 бағасы өзгерген жоқ.
Фото: Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Астанадағы Helios жанармай бекеттерінде баға тек АИ-92 бойынша көтеріліп, 223 теңгеден 225 теңгеге жетті. АИ-95 бұрынғыдай 266 теңге болып қалды.

Алматы

Оңтүстік астанада да өзгеріс байқалады. 10 күн бұрын АИ-92 орта есеппен 225 теңге болған. Бүгінде орташа баға 226–227 теңгеге дейін көтерілді. АИ-95 алматылықтарға 288 теңгеге түссе, енді 290 теңге болып тұр.

Фото: royal-petrol.kz

Алматылық Royal-Petrol жанармай бекетінде АИ-92 – 225 теңге, ал АИ-95 – 285 теңге.

Compass жанармай бекеттерінде АИ-92 – 226 теңге, АИ-95 – 290 теңге, ал АИ-98 345 теңгеге жетті.

Qazaq Oil желісінде АИ-92 – 227 теңге, АИ-95 – 285 теңге, ал АИ-98 үшін 319 теңге төлеу қажет болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети