16 ақпан 2016 15:21

Астана мен Алматыдан үй іздегендер әр шаршы метр үшін қанша ақша беруге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана мен Алматыдан баспана сатып алатындар үйдің әр шаршы метрі үшін 300-350 мың теңге беруге дайын, - деп хабарлайды "Крыша" порталы.


Астана мен Алматыдан баспана сатып алатындар үйдің әр шаршы метрі үшін 300-350 мың теңге беруге дайын, - деп хабарлайды "Крыша" порталы.

Бұл туралы "Крыша" порталы жүргізген зерттеуден кейін белгілі болды, зерттеу соңғы айдағы іздеу сауалдары негізінде жасалған. Сарапшылар мәліметтерді жинақтап, талдау жасады, олар бір ай бойы қолданушылардың іздеген баспаналары үшін көрсеткен бағаларына талдау жасады. 

"Адамдардың басым бөлігі бір бөлме үшін 11 миллион теңгеге дейін көрсеткен. Сонымен қатар, бағасы 5,5 миллион теңгеге дейінгі (15 мың доллар) бір бөлмелі пәтерлер мен құны 7,3 миллион теңгеден аспайтын (20 мың доллар) баспаналар үлкен сұранысқа ие. Қаңтар айында Алматыдан бір бөлмелі пәтер іздегендердің арасында көрсетілген ең жоғарғы баға 14,6 миллион теңге (40 мың доллар) болды, ал Астанада - 18,2 миллион теңге (50 мың доллар)", - делінген жарияланымда.

Іздеу нәтижелеріне сәйкес, Астана мен Алматыдағы екі және үш бөлмелі пәтерлердің де бағасында айырмашылық болды.

Алматыдан екі бөлмелі пәтер іздегендер 14,6 миллион теңгеге (40 мың доллар) дейінгі бағаны көрсетсе, елордадан іздегендер 18,2 миллион теңгеге (50 мың доллар) дейінгі бағаны көрсеткен. 

"Крыша" порталының мәліметінше, қолданушылар белгілеген үш бөлмелі пәтерлердің бағасы Астанада 25,5 миллион теңгемен (50-70 мың доллар) шектелсе, Алматыда 21,9 миллион теңге (60 мың доллар) көрсетілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети