03 маусым 2014 | 20:11

Астана мен Шымкент арасына жаңа "Тальго" қатынайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астана мен Шымкент арасын жаңа "Тальго" пойызы жалғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана мен Шымкент арасын жаңа "Тальго" пойызы жалғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тальго" жүрдек пойызының №79/80 алғашқы рейсі Астанадан Шымкентке 2 маусым күні аттанды. Пойыз Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл бекеттеріне аялдайды. 

Жолаушылар пойызының Шымкентке дейінгі жолының ұзақтығы 15 сағат 35 минут болса, кейін қарайғы жол - 16 сағат. Орынбор - Ташкент бағытындағы жолаушылар пойызы бұл жолды 23 сағатта жүріп шығады. "Бұрын Астана - Шымкент бағытында тікелей рейс болған жоқ. Біз бұл пойыз жолаушылардың сұранысына ие болады деп ойлаймыз. Әсіресе, жаз мезгілінде", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның "Экспресс" филиалының директоры Шәміл Қожабеков. 

"Тальго" пойызы 22 вагоннан тұрады: "Бизнес" және "Гранд" класындағы вагондардың саны үшеу, "Турист" класындағы вагондар - 12, бір вагон-мейрамхана, бір вагон-бар және екі техникалық вагон бар. Жүрдек пойыз күнара қатынайды: Астанадан жұп күндері шықса, Шымкенттен тақ күндері жол тартады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети