Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін Орталық Азиядағы робототехника және инновациялы технологиялар бойынша өткен ең ауқымды Almaty Tech Cup XII чемпионаты өз мәресіне жетті.
Чемпионаттың ашылу рәсімінде Astana Motors құрамындағы OMODA JAECOO ресми дистрибуциясы мен USTEM Foundation қоры стратегиялық ынтымақтастық орнататынын хабарлады. Осылайша, технологиясы озық OMODA бренді 2026–2027 жылғы робототехника маусымының ресми автокөлік серіктесі атанды.
USTEM Foundation – Қазақстандағы FIRST бағдарламасының ресми операторы. Бүгінде қор экожүйесі еліміздің 21 өңірін қамтып, 20 мыңнан астам оқушы мен 1700-ден астам команданы біріктіреді. 2026 жылғы маусымның негізгі тақырыбы – "Жасанды интеллект дәуірі" (Age of AI).
Екі күн бойы Almaty Arena алаңында мектеп оқушылары мен студенттер өздерінің инженерлік жобаларын, автономды роботтарын, ұшқышсыз жүйелерін, жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік бағытындағы инновациялық әзірлемелерін таныстырды.
Фото: OMODA JAECOO Қазақстан
Қазақстандағы OMODA&JAECOO ресми дистрибуциясының директоры Александр Абрамовтың айтуынша, бүгінде автокөлік өнеркәсібі өз тарихындағы ең ауқымды технологиялық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Жасанды интеллект, роботтандырылған өндіріс және цифрлық сервистер қазіргі заманғы автокөліктердің ажырамас бөлігіне айналды.
"OMODA және JAECOO автомобильдері Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндіріледі. Мұнда инновациялық цифрлы өндіріс процестері, роботтандырылған дәнекерлеу және бояу желілері енгізілген. Кәсіпорындар біртіндеп еліміздің жаңа индустриялық экожүйесінің құрамдас бөлігіне айналып келеді. Сондықтан біз үшін робототехника мен инженерлік білімді қолдау – Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің болашағына қосып жатқан маңызды үлес. Осы жарысқа қатысып жатқан жастардың арасынан болашақ инженерлер, конструкторлар мен жасақтама әзірлеушілері шығатынына сенімдіміз. Біз Қазақстандағы осы экожүйенің бір бөлігі болып, талантты жастарды қолдай алғанымызға қуаныштымыз", – деді Александр Абрамов.
Ынтымақтастық аясында маусымның бес негізгі іс-шарасы қамтылады. Almaty Tech Cup жарысынан кейін Астанада FIRST Global ұлттық кезеңі өтеді. Бұдан кейін Қазақстан құрамасы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтетін әлемдік финалға қатысады. Қыс мезгілінде FIRST Tech Challenge ұлттық чемпионаты ұйымдастырылады. Ал маусым АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдегі ең ірі FIRST Championship фестивалімен аяқталады. Аталған шараға жыл сайын 1000-нан астам команда қатысып, 50 мыңға жуық қатысушы бас қосады.
Фото: OMODA JAECOO Қазақстан
Almaty Tech Cup чемпионаты аясында OMODA Future Race санатында жүлделі I, II және III орындарды иеленген командаларға ақшалай сертификаттар табыстады. Бұл санаттағы инженер студенттердің командалары жарысқа арналған болидтерді өздері жобалап құрастырды. Байқауға Қазақстан мен Өзбекстаннан келген 10 команда қатысты.
Жарыс жеңімпазы – Астанадағы Nazarbayev University университетінің Bulan Racing командасы атанды. Екінші орынды Өзбекстанның ASTI Eco Moto Sport командасы иеленсе, үшінші орын Алматыдағы Satbayev University университетінің Taiburyl командасына бұйырды.
Фото: OMODA JAECOO Қазақстан
Айта кетейік, OMODA&JAECOO брендтері Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Африка, Австралия және Латын Америкасы аймақтарының 70-тен астам елінде бар. Қазақстан нарығына OMODA&JAECOO брендтері ресми түрде 2023 жылы шықты.
Astana Motors 2026 жылдың сәуір айынан бастап OMODA&JAECOO брендтерінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы атанды. Өндірістік желіні дайындау мақсатында Алматыға Қытайдан мамандар келіп, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының жабдықтарын баптау жұмыстарына қатысып, қазақстандық инженерлерге кеңес беріп жатыр.
Қазақстанда өндірілген OMODA&JAECOO автокөліктерінің сатылымы 2026 жылдың тамыз айының соңы – қыркүйек айының басында басталады деп жоспарланған. Автокөліктердің бағасы тамыз айында жарияланады.