"Астана Опера" театрының директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Астана Опера" театрының директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының бұйрығымен Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының директоры қызметіне тағайындалды. Ол осыған дейін ҚР мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі қызметін атқарған. Мемлекет басшысының бұйрығымен Әлпиев Төлеубек Нығметұлы "Астана Опера" директоры қызметінен босатылды".
Ахмедьяров Ғалым Алғиұлы, 1973 жылы дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. (1995 ж.)
1995 және 1997 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы.
1998 және 2007 жылдар аралығында - ҚР Республикалық гвардиясы Президенттік оркестрінің солисті, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі.
2007жылы - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Өнер басқармасының басшысы.
2008-2012 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақ әуендері" АҚ-ның Президенті.
2012 және 2013 жылдар аралығында - "Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағы" Қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі.
2013-2014 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақстан рухани даму қоры" АҚ-ның Президенті.
2014 жылдың ақпанынан - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақ әуендері" АҚ-ның Президенті.
2014 жылдың 3 қарашасынан ҚР Үкімет Қаулысымен Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.
"Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері (2010), "Дарын" Мемлекеттік жастар жүлдесінің лауреаты (2004), республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.