Астана орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана орталығында ұзын-сонар кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің болжамынша, кептеліске Достық көшесінің жабылуы себеп болған.
Айта кетейік, Астанада асфальтбетонды жолды қалпына келтіру мақсатында 9-12 маусым аралығында көшенің жабылатыны хабарланған еді. Көшедегі жол қозғалысы Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін шектелген.
Куәгер жолдаған сурет
"Мен бұл ауданда 30 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қабанбай батыр көшесінде - "ҚазМұнайГаз" көпірінен Сығанақ көшесіне дейін кептеліс. Күнде осы маңайда жүретін жол қызметкерлері бүгін жоқ. Бүгін жұма болғандықтан адамдар мешітке ағылып жатыр. Көшеде кептеліс, тұрақтардың барлығы бос емес", - деді куәгер.
Куәгер жолдаған сурет
Оның айтуынша, көліктер Asia Park арқылы айналып өтуге тырысып жатыр. "Ал онда ары қарай шығып кете алмайтыны туралы ақпарат жоқ. Ол жақта да қазір кептеліс", - деді ол.
Астана ІІД өкілдері қала тұрғындарына жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады. Сонымен қатар, олар бұл аймақта жол полицияларының қозғалысты реттеумен айналысып жатқанын айтты.