21 ақпан 2024 09:45

Астана орталығындағы жаңа ғимарат: Конституциялық сот жанында не салынып жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Иван Сухоруков Фото: Tengrinews.kz / Иван Сухоруков

Астана тұрғындары қала орталығы – "Көркем" тұрғын үй кешені мен Конституциялық сот арасындағы құрылысқа қызығушылық танытты. Ғимараттың сыртқы түрі әкімшілік нысанға ұқсайды. Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.


Астана тұрғындары қала орталығы – "Көркем" тұрғын үй кешені мен Конституциялық сот арасындағы құрылысқа қызығушылық танытты. Ғимараттың сыртқы түрі әкімшілік нысанға ұқсайды. Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Елорданың басты даңғылдарының бірі – Мәңгілік Ел бойында әкімшілік ғимарат құрылысының жүріп жатқанына біраз уақыт болды.

"Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, бұл жер телімінде биіктігі алты қабатқа дейінгі мұрағат ғимаратын орналастыру қарастырылған. Астана әкімдігінің қаулысы бойынша, жер учаскесі Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының ғимаратын салу үшін Президент Әкімшілігіне берілді.

Нысанның алдын ала жобасы келісілген, бірақ "қызметтік пайдалануға арналған" деген белгі қойылғандықтан оны ұсыну мүмкін емес", - деп түсіндірді Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.

Фото: Tengrinews.kz/Иван Сухоруков

Айта кетейік, қазіргі уақытта Президенттік мұрағат Алматыда орналасқан. Кеңейту мақсатында жаңа ғимарат салынып жатыр.

"Құрылыс аяқталғаннан кейін Президент мұрағатының екі ғимараты - Алматы мен Астанада болады. Жаңа ғимарат шамамен жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі", - деп түсіндірді мұрағаттың баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети